Жаңалықтар

Роналду «Миллиардерлер аралынан» үй сатып алды

Роналду «Миллиардерлер аралынан» үй сатып алды
Фото: © АFP 08.01.2024 06:04 940

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Дубайдағы Джумейра Бэй аралынан үй сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Bloomberg Linea мәліметінше, үй әлі қолданысқа берілмеген, дегенмен футболшы кілтін биыл алады деген болжам бар. Ал зәулім ғимараттың көлемі 30 мың шаршы метрді құрайды екен.

Роналду «Миллиардерлер аралынан» үй сатып алдыОнда алты жатын бөлме, 6 көлік тұрағы, спа-салон және жағажайға шығатын арнайы жол бар. Тіпті аумақта қызметкерлерге арналған жеке үй де орналасқан.

Роналду «Миллиардерлер аралынан» үй сатып алдыБАҚ өкілдері жылжымайтын мүлік құны ондаған миллион доллар тұратынына сенімді.

Роналду «Миллиардерлер аралынан» үй сатып алды

Джумейра Бэйді «Миллиардерлер аралы» деп атайды. Себебі ол жердегі үйлер әлемнің ең қалталы адамдарына тиесілі.

Айта кетейік, 38 жастағы португалиялық 2022 жылғы желтоқсаннан бері «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға