Жаңалықтар

Роналду Месси туралы сұраққа жауап берді

Роналду Месси туралы сұраққа жауап берді
Фото: ©Getty IMAGES/Aurelien MEUNIE 09.06.2023 11:30 737

Саудиялық "Әл-Наср" клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду өзінің минералды суының брендін жарнамалау үшін Мадридке барды. Баспасөз мәслихаты кезінде жанкүйерлердің бірі португалиялық футболшыдан Лионель Месси Сауд Арабиясына барса, қалай қарайсыз деген сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Vesti.kz. мәліметінше, аталған баспасөз мәслихаты өткен кезде аргентиналық шабуылшы қай клубқа баратыны белгісіз болған. Кейін, Леоға саудиялық "Әл-Хиләл" ұсыныс түсті, бірақ Месси "Интер Майамиді" таңдады. 

"Қазір футбол туралы сөйлескім келмейді. Бірақ ол жерге баратын футблшылардың бәріне қош келдіңдер деймін", - деді Криштиану. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға