Жаңалықтар

Роналду Марадона атындағы сыйлыққа ие болады

Роналду Марадона атындағы сыйлыққа ие болады
Фото: instagram.com/cristiano 05.01.2024 10:29 689

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду аңыз ойыншы Диего Марадона атындағы сыйлық алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

38 жастағы португалиялық 2023 жылдың үздік сұрмергені ретінде сыйлыққа ие болады. Себебі роналду 54 голды өз атына жазды.

Естелік сыйлық Роналдуға 19 қаңтарда Дубайда өтетін Globe Soccer Awards іс-шарасында табысталады. Роналду бұл салтанатты табыстау рәсімінде тағы бірнеше марапат алуы мүмкін. Қазір ол Таяу Шығыстағы үздік ойыншы атағынан да үміткер.

Естеріңізге сала кетейік, Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапына былтыр қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға