Жаңалықтар

Роналду Instagram-да қазақстандықтардан кімге жазылған

Роналду Instagram-да қазақстандықтардан кімге жазылған
Фото: instagram.com/cristiano 15.08.2023 10:06 798

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram-да кезекті рекорд орнатқан болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Әл-Наср» клубының 38 жастағы шабуылшысы Instagram-да 600 миллион оқырман жазылған алғашқы адам болды.

Криштианудың өзі де бірқатар жұлдызға жазылған. Олардың арасында өнер жұлдыздары да, спорт саңлақтары да бар. Осыдан соң танымал футболшы Қазақстаннан кімдерге жазылғанын саралап көрдік. Дәл сол Роналду жазылған 566 аккаунттың ішінде екі қазақстандық бар екен.

Алғашқысы – танымал боксшы Геннадий Головкин. Естеріңізде болса, DAZN жобасының аясында екі спортшы роликке түскен еді. Бір қызығы, Головкин Роналдуға жазылмаған. Головкиннің Instagram-да 4,8 миллион оқырманы бар, ал GGG-дің өзі 48 адамға жазылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Екіншісі – Әли Тұрғанбеков. 15 жастағы жасөспірім Криштианумен 2019 жылы кездескен. Бұл кездесуді Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға