Жаңалықтар

Роман Скляр Qarmet-ті жаңғырту жоспарларымен танысты

Роман Скляр Qarmet-ті жаңғырту жоспарларымен танысты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 17.12.2023 23:52 530

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Qarmet-ті жаңғырту жоспарларымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қарағанды металлургия комбинатының қазақстандық компанияның меншігіне өту мәселесі сәтті аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы кәсіпорынның алдағы тағдыры үшін Qarmet пен Үкіметтің жауапкершілік дәрежесі туралы нақты түсінік берді. Осы тапсырманы орындау үшін біз бүгін дамудың ең оңтайлы жолдарын бірлесіп зерттеп жатырмыз, - деп хабарлады Роман Скляр.

Т. Күзембаев атындағы шахтада делегацияға барлық нысандарға енгізілетін жерасты позициялау және радиобайланыс жүйесі таныстырылды. Жүйенің көмегімен диспетчер шахта ішіндегі персоналдың орналасқан жерін және қозғалысын бақылайды. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сапар барысында Qarmet басшылығы шахталар мен комбинатты техникалық жарақтандырудағы күрделі проблемалар, сондай-ақ заманауи өндірістік технологияларды енгізу перспективалары туралы баяндады. Кездесуді қорытындылай келе, Роман Скляр ҚР Үкіметі тарапынан жоғары сенім бар екенін атап өтіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға