Жаңалықтар

Роман Скляр Өскемен және Риддер ЖЭО-ларының жұмысымен танысты

Роман Скляр Өскемен және Риддер ЖЭО-ларының жұмысымен танысты
17.09.2023 09:17 483

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындалып жатыр. Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.

Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға