Жаңалықтар

Ролан Гаррос турнирі: Елена Рыбакина жеңіске жетті

Ролан Гаррос турнирі: Елена Рыбакина жеңіске жетті
Фото: ©AP/Jean-Francois BADIAS 30.05.2023 22:50 414

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті.

Бірінші партияда 3:3 есеппен чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена есесін жібермеді. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады – 6:4.

Бренда Фрухвиртова екінші партияда да брейк жасағанымен Елена Рыбакина таразы басын қайта теңестіріп, өз геймін де алды – 3:2. Ақыры матчты кезекті брейкпен түйіндеді – 6:2.

Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен бақ сынасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға