Жаңалықтар

Ризабек Айтмұқан Түркиядағы турнирде қола жүлдегер атанды

Ризабек Айтмұқан Түркиядағы турнирде қола жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 10.03.2024 13:19 591
Ризабек Айтмұхан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирде қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақта күресіп, жартылай финалда қарсыласқа есе жіберді. Бұл Ризабектің Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақта сынға түскен алғашқы халықаралық жарысы. Осыған дейін ол жыл басында 97 кг дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді. 
 
97 кг:
1.Ахмед Тажудинов (Бахрейн)
2.Джонатан Леонард (АҚШ)
3.Раду Лефтер (Молдова)
3.Ризабек Айтмұхан (Қазақстан)
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға