Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведра қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Ризабек Айтмұхан жарыс финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰОК мәліметінше, жартылай финалдық белдесуде Ризабек Айтмұхан америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді. 

Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын. 

Финалда қазақстандық спортшы әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі. Алтын медаль үшін өтетін күрес 7 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған. 

Оқи отырыңыз