Жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет 11.04.2024 20:32 570

Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін 97 кг дейінгі салмақтың финалында екі әлем чемпионы күш сынасты. Аса тартысты өткен Ризабек Айтмұхан мен Ахмед Тажудинов арасындағы айқас кейінгісінің жеңісімен аяқталды. Есеп: 4-2.

Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс медаль алған.

Бүгін Ұлттық құраманың 19 жастағы палуаны күндізгі сессияда қырғыз Андрей Ароновты (6-0), сосын өзбекстандық Махсұд Вейсалов (11-0) пен үндістандық Викиге (13-0) ұпай бермей ұтты. 

Бұл - Ризабек пен Ахмед арасындағы екінші белдесу. Бірнеше ай бұрын Антальядағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Бахрейн спортшысы басым түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға