Жаңалықтар

Ринат Зайытов өзін «түлкі» дегендерге жауап берді

Ринат Зайытов өзін «түлкі» дегендерге жауап берді
Фото: facebook.com/Ринат Заитов 21.04.2023 18:16 3844

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жеке басына айтылатын сын-пікірлерге қатысты жауап берді деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі bestnews.kz сайтының tiktok әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Тілші: Сізге қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан сын-пікір көп. Біреулері сізді түлкі десе, кейбіреуі тіпті сенбейтіндігі жөнінде ашық айтады. Бұл туралы не дейсіз?

Ештеңе деп жауап бермеймін. Себебі, Қазақстанда біреу туралы келесі адамның еркін ойлауға қақысы бар. Мен 19 млн халықты жеке танымаймын және әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат таратушылар бар. Өз атымнан ақпаратты өте сирек таратамын. Менің атымнан жалған ақпараттар таралып жатады. Оның бәріне бұрылып, оның бәрімен дауласу меніңше ойға қонымсыз дүние. Бұның жалғыз шешімін көремін. Жұмыспен, іспен дәлелдеу, - деді Ринат Зайытов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға