Жаңалықтар

Ринат Зайытов: Өңірлерде лауазымды тұлғалар арасында ешқандай өзгеріс болмаса екен деп отырғандар көп

Ринат Зайытов: Өңірлерде лауазымды тұлғалар арасында ешқандай өзгеріс болмаса екен деп отырғандар көп
Фото: t.me/mazhilis_kz 04.09.2023 11:08 1045

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Қасқа жол YouTube арнасына сұхбат беріп, өңірлерде мемлекеттік қызметкерлер арасында өзгеріс болғанын қаламайтындар көп екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Тілшінің «президенттің тапсырмалары орындалып жатыр ма?» деген сауалына ол былай деп жауап берді:

Толық орындалып жатыр деп айтуға болмайды. Керісінше, 30-40 пайызға әрең жетіп отыр. Өте өкінішті. Президент бұған дейінгі де, бүгінгі жолдауында өте мықты бастамалар көтерді. Бірақ Астанадан өңірлерге жеткенше мүлде өзгеріп кетеді. Облыстарда өздерінің қожа-құдайсымақтары бар. Өңірлерде мемлекеттік қызметтегі жауапты тұлғалар ешқандай жанашырлықпен қарамайды, жүректерінен ондайды байқамаймын. Керісінше, ешқандай өзгеріс болмаса екен деп, жұмыс істегісі келмей отырғандар көп, - деді Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға