Жаңалықтар

Ринат Зайытов Мәжілісте мүгедектердің құқығы туралы сауал жолдады

Ринат Зайытов Мәжілісте мүгедектердің құқығы туралы сауал жолдады
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.04.2023 11:29 799

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне депутат Ринат Зайытов мүгедектердің құқығына байланысты сауалын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Xaттамада қaтыcушы мeмлeкеттің БҰҰ мүгeдeктep құқықтapы жөніндeгі комитетінің адам құқықтарын бұзу туралы өтініштерін қарау жөніндегі құзыретін тану бекітілген деп жазылған. Мeнің түcінігімдe кeз кeлгeн мүгедектігі бар және немесе оның өкілі тікелей осы комиетке адам құқытарының бұзылуы бойынша шағым бере алады. Мұндай шағымдардың қаралу жолдары қандай? Сұрақ бірден комитетке түсе ме әлде мемлекет ішінде қарала ма?, – деп сұрады Ринат Зайытов министрден. 

Өз кезегінде ведомство басшысы аталған мәселе бойынша шағым мемлекет ішінде қаралатынын және әрбір азамат уәкілетті органдарға бұл жөнінде арыздарын жібере алатынын айтты.

 Егер жіберген арыз бен хабарларына қанағаттанбайтын болса, сотқа жүгінуі мүмкін. Соттың да шешімі қолында болуы керек. Содан кейін де мемлекет тарапынан ешқандай шешім қабылданбай, әлі де қанағаттанбайтын болса, комиетке беріледі. Комитет ішкі мемлекеттен қаралмастан келетін шағымды қарамайды, қайтарып жібереді, – деді Тамара Дүйсенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға