Жаңалықтар

Римма Волосенконың жекпе-жегінің шешімі өзгермейді - Федерация өкілі

Римма Волосенконың жекпе-жегінің шешімі өзгермейді - Федерация өкілі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 08.03.2024 03:37 540

Римма Волосенконың ширек финалдық кездесуінен кейін жекпе-жек қорытындысына байланысты қазақстандық бокссүйер қауым арасында орынды нала қынжылыстардың тууына байланысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиада ойындарына лицензиялық бәсекелер Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өтеді. Өкінішке қарай, ХОК ережесіне сәйкес, Ұлттық федерациялар жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешіміне шағым бере алмайды. Тек төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы мен бағалаушы болады. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан осы жекпе-жекке байланысты турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды жеткіздік. Олар кездесуге қазылық еткен төрешілердің жұмысын қарастырып, кінәрат болған жағдайда алдағы жекпе-жектерден шеттететіндіктерін айтты. Бірақ, өкінішке қарай, жекпе-жектің қорытынды есебі өзгертілмейді,- деді Азиз Қожамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде өткен Римма Волосенко мен словакиялық Мирослава Жединакова арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2:3 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға