Рим Папасының бала кезде тұрған үйі сатылымға қойылды
18.05.2025 03:53
749

Фото: ©El.kz
Рим Папасы Лев XIV балалық шағын өткізген Чикаго маңындағы үй 250 мың долларға аукционға қойылды. Бұл тек бастапқы баға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Daily Mail басылымының мәліметінше, ғимарат 18 маусымда жеке аукционда сатылмақ.
Үй бұған дейін де сатылымға қойылған, бірақ Лев XIV Рим Папасы болып сайланғаннан кейін, көбірек ақша алу үшін сатып алу ұсынысы алынып тасталды, – деп жазады басылым.
Үйде жақсы жөндеу жұмыстары жүргізілген, үш жатын бөлме және үш жуынатын бөлме бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Таза аула мен салауатты өмір: елордада «Жаттығу» жобасы басталды
Келесі жаңалық
Нұрдәулет Қилыбай волейбол бапкеріне ат мінгізді