Жаңалықтар

Риддерліктер қақаған қыста жылусыз қалмай ма? Министр жауап берді

Риддерліктер қақаған қыста жылусыз қалмай ма? Министр жауап берді
Фото: © El.kz / Бақытжан Отарбаева 27.10.2023 16:10 718

Риддер ЖЭО-ның алдағы қысқа дайындығы қандай? Қала тұрғындары тағы тоңып отыра ма? Бұл мәселеге энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев түсініктеме берді, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Техникалық жағдай бойынша жөндеуге жоспарланған қазандықтардың жартысы жұмысқа дайын. Алдағы күндері тағы алтауында жөндеу аяқталады. Қала қазірдің өзінде 100% жылуға қосылған. Барлығы жылуды жеткізудің негізгі режиміне сәйкес келеді. Мердігерлік ұйымдар әлі де жұмысын жалғастыруда, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Энергетика министрінің айтуынша, барлығы мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың бақылауында. Жұмыс аяқталады. 

Естеріңізге сала кетейік, ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарыздарын өтейді және станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға