Жаңалықтар

Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысты

Бұл туралы ШҚО әкімі айтты
Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысты
Фото: stan.kz 24.01.2023 12:08 977

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының иесі ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

- Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге жұмсалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға