Жаңалықтар

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды

Қала әкімдігі мәлімдеме жасады
Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
Фото: instagram.com/gkx_ridder 10.11.2022 12:04 972

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан тағы да ақау шықты, деп хабарлайды El.kz

Бүгін түнде Риддердегі жылу электр орталығында тағы да ақау шыққан. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

"9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті", - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды. Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға