Жаңалықтар

Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды

Қаладағы екі қазандық апатты жағдайда өшірілген
Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды
Фото: ustinka.kz 01.03.2023 03:06 579

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында бүгін тағы апат болды, деп хабарлайды El.kz Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһардағы №1 және №2 қазандық апатты жағдайға өшірілген.

Қазір №2 қазандықда жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды.

№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған, ал №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр, - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Бұған дейін қаңтар айының аяғында жылу электр орталығының иесі ауысқаны айтылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға