Жаңалықтар

Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққанын растады
Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты
Фото: top-news.kz 19.01.2023 10:09 780

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы жылу электр орталығы өртеніп жатқандығы туралы видео тарады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққанын растады. Бірақ сол жерде облыс әкімдігінің жедел штабы құрылғандықтан әзірге ақпарат бере алмайтындықтарын айтты.

Осы ретте, ШҚО әкімдігіне де байланысқа шықтық. Облыстық Қоғамдық даму басқармасы қызметкерлерінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртпен күрес жалғасуда.

«Аймақ басшысы Даниал Ахметов сол жерге жолға шықты. Штаб отырысының қорытындысынан кейін қосымша ақпарат беріледі», - деді басқарма өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға