Риддерде өзен жағалауынан 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Риддерде өзен жағалауынан 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: gov.kz

Риддер қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары Журавлиха өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, үш арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында аумақтан төрт тоннадан астам қоқыс шығарылып, тазартылды.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қанат Оралбек мұндай іс-шаралар қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындардың осындай іс-шараларға белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әр адамның қаламыздың тазалығы өзімізге байланысты екенін түсінуі маңызды, – деді ол.

Акцияға қатысушылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және демалыс орындарында қоқыс қалдырмауға шақырды.

Оқи отырыңыз