Жаңалықтар

Риддер тұрғыны полиция көлігіне тас лақтырған

Риддер тұрғыны полиция көлігіне тас лақтырған
Фото: © Polisia.kz 12.10.2023 15:54 917

Полиция көлігіне зақым келтірген 28 жастағы Риддер тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті Риддер полиция бөлімі ғимаратының алдындағы автотұрақта бұзақылық ниетпен "ВАЗ" маркалы қызметтік көлікке тас лақтырып, көліктің алдыңғы қанаты мен терезе тазалығышын зақымдаған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға