Жаңалықтар

Режеп Тайып Ердоған қараша айында Қазақстанға келеді

Режеп Тайып Ердоған қараша айында Қазақстанға келеді
Фото: Ақорда 25.10.2023 21:41 542

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақстан халқын Ұлттық мерекемен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ердоған өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Түркия басшысы 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін елордаға ат басын бұрады.

Тіл, тарих және мәдениет сияқты ортақ құндылықтарымызға негізделген қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығы жаңа салалармен толыға түскені қуантады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Сізбен Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде кездесетініме қуаныштымын, – делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға