dacora.com

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

17.06.2025 11:05 2148

Америкалық Dacora Motors компаниясы АҚШ-тағы ең сәнді электромобильдерге балама ұсынуға дайын. Жаңа көлік тұтынушыларды қуатты қозғалтқышпен, интерьерді безендірудегі шексіз мүмкіндіктермен және ерекше ретродизайнымен баурап алмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алғашқы фотосуреттерге қарағанда, Dacora электромобилі VW Beetle-ге де, сонымен қатар Duesenberg, Packard және Cadillac сынды соғысқа дейінгі сәнді көліктерге де ұқсас.

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

Дизайн ерекшеліктері

Айқын көрінетін доңғалақ қаптамалары (крылья)

Ағаш панельдерден жасалған ұзын капот

Ерекше артқы бөлік (корма)

Дөңгелек LED фаралар – винтаж стилін толықтырады

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

Фото: dacora.com

Интерьер

Салонда да ретро атмосфера сақталған – дөңгеленген алдыңғы панель және шеңберлі аспаптар. Бірақ олар цифрлы түрде жасалған.

Компания заманауи үлкен дисплейлерден бас тартатынын мәлімдесе де, фотодан панельде мультимедиа контенті бейнеленуі мүмкін екенін байқауға болады.

Салоны

Салонға 3-тен 7 адамға дейін сыяды және бұл Dacora-ның басты артықшылығы болмақ.

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

Сонымен қатар интерьер дизайнын жиі жаңарту мүмкіндігі де бар: жылына екі рет жаңа әрлеу жинақтарын шығарып, компания өзін сән брендіне айналдыруды көздейді.

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

Фото: dacora.com

Техникалық сипаттамалар

800 ат күші бар екі электрқозғалтқыш

Бір толық қуатта 650 км-ге дейін жүре алады

Басқа техникалық мәліметтер әзірге жарияланған жоқ

Компания өндіріс көлемін нақты атамағанымен, алғашқы 1,5 жылға арналған тапсырыстар бар екенін мәлімдеді.

Ретро стильдегі алғашқы электромобиль пайда болады

Фото: dacora.com