Жаңалықтар

Республикалық VI Паралимпиада ойындарында астаналық 66 спортшы бақ сынайды

Елордалық спортшыларды VI Паралимпиадалық ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Республикалық VI Паралимпиада ойындарында астаналық 66 спортшы бақ сынайды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 29.04.2023 20:00 1192

Бүгін Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық манежінде елордалық спортшыларды ҚР VI Паралимпиадалық ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Салтанатты жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық спорт басқарма басшысы Самат Жылқыбаев, бокстан олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан спортшылар одағы Президумның Төрағасы Серік Сапиев және бокстан Атланта және Сидней олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы спортшылармен тілдесіп, жарыс алдында сәттілік тілеп, қала намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдірді.

«Елімізде алтыншы рет өткелі тұрған Паралимпиада ойындарында сіздерге сәттілік тілеймін. Президенттің бұқаралық спорт түрлерін дамыту бойынша берілген тапсырмасы жүйелі түрде орындалып жатыр деп айта аламыз. Астанада параспорт түрлері жақсы дамып келеді. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетіп, елордамыздың мәртебесін көтере беріңіздер. Спорттық мансаптарыңыз жақсы нәтижеге толы болсын», - деді құттықтау сөзінде қала әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша паралимпиадалық ойындар елімізде төрт жылда бір рет өтетін ірі кешенді жарыстардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, жиында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев те параспортшыларға тілегін жеткізді.

Жиын соныңда пара үстел теннисінен ҚР спорт шебері Степанова Александра мен пара дзюдодан ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Гүлдебаев Қайырлы құрама мүшелеріне сәттілік тілеп, жақсы нәтиже көрсетуді тіледі.

Айта кетейік, үш кезеңнен тұратын сайыс 10 мамыр күні Алматы қаласында бастау алады. Әрмен қарай бұл оцындар Астана және Ақтөбе қалаларында мамырдың соңына дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға