Биыл зияткерлік сайыс электронды форматта өтті. Жарысқа 15 мың оқушы қатысып, 1700-ден аса қатысушы республикалық кезеңде бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зияткерлік сайыс ақпан айының 13-18 аралығында өтті. «Дарын» РҒПО директорының міндетін атқарушы Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша,
ережеге сай облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы, сондай-ақ республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді.
Республикалық пән олимпиадасына 1700-ден аса оқушы жолдама алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары