Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалыс шектелді

Республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалыс шектелді
Фото: pixabay.com 07.02.2023 21:00 900

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше республикалық автожолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көлік қозғалысы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде шектелді. Республикалық автожолдар желісінде 429 бірлік арнайы техника мен 950 маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жолшылар жүргізушілерге ауа райын ескеріп, жабық жолдарға шықпауға кеңес береді. Бұл ретте 2023 жылдан бастап жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылатынын ескерген жөн.

«Штаттан тыс жағдай туындаса бірден 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет», делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға