Жаңалықтар

Республикалық бюджеттің кірісі биыл 720 миллиард теңгеге өсті

Республикалық бюджеттің кірісі биыл 720 миллиард теңгеге өсті
Фото: pixabay.com 16.03.2023 10:39 530

Сенаттың жалпы отырысында  2023 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.

«2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері бекітілген жоспардан 720 млрд теңгеге өсе отырып, ЖІӨ-нің 12,1% немесе 14,6 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Республикалық бюджетке қосымша түсімдер кіріс базасын ұлғайту, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру бойынша Үкімет қабылдап отырған шаралар есебінен қамтамасыз етіледі»,  деді вице-министр.

Сонымен қатар ол бюджет кірісі біржолғы түсімдер есебінен 316 млрд теңгеге, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен 404 млрд теңгеге ұлғайтылатындығын мәлімдеді.

«Ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт қосымша тартылады. 2023 жылы бюджет тапшылығын 3,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 2,7% деңгейінде сақтау ұсынылады. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемнен 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, 22,5 трлн теңгені құрайды», деді Бауыржан Омарбеков.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға