Жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды

Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 14.06.2024 01:44 370

XXV республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

📎Естеріңізге сала кетейік, байқау 6 номинация бойынша өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі». Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қара сөзін және екі поэмасын жатқа оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы 47 оқушыға тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 оқушыға табысталса, әр номинация бойынша ерекше жетістігі үшін тағы 20 оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға