Жаңалықтар

Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады
Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді
Фото: turaninfo.kz 07.09.2022 15:55 1938

23-26 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру,  күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

 Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында  orkestrkurmangaz@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Толық ақпарат www.kurmangazy.com  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға