Жаңалықтар

Республика күніне орай Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Республика күніне орай Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 13.10.2023 14:18 897

2023 жылғы 14-15 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 60 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет – 30 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға