Жаңалықтар

Республика күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді

Республика күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.10.2023 17:31 1079

Республика күні қарсаңында елордада алдағы аптада түрлі мәдени іс-шаралар, оның ішінде концерттер, көрмелер, түрлі жанрлық қойылымдар өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева коммуникакациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.  

Биыл Республика күнін мерекелеуге Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеменің қатысуымен 20-дан астам іс-шара жоспарланған.  

Күні кеше ғана - 19 қазанда Астанада Керей-Жәнібек хандар, 8 мекенжайында орналасқан №6 өрт сөндіру бекетінің алдында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған ескерткіш орнатылды. Өрт сөндіру бекетіне Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған бөлімше атауы берілді. 

23 қазанда Астанадағы Максим Горький атындағы Орыс драма театрында күрделі жөндеу өткізілгеннен кейін тарихи ғимаратта 123-театр маусымын ашамыз деп жоспарлаудамыз. Естеріңізге сала кетсек, тарихи ескерткіш мемлекет қорғауына алынған театр ғимараты толық жөндеуден өткен болатын. Жаңартылған залдар, холлдар мен бөлмелерден басқа театрда заманауи цифрлық дыбыс, жарықтандыру құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, театрдың шағын залы да іске қосылып, көрермендер мен режиссерлер және театр бөлімі өзгерістері түлектерінің эксперименталдық қойылымдарын тамашалай алады деп жоспарлаудамыз, - деді Ақерке Жұманбаева.  

Қараша айынан бастап астаналықтар жаңа қойылымдармен қатар бұрыннан келе жатқан сүйікті спектакльдерін де көре алады. Осы айтулы мерекеге орай театр келесі премьераларды ұсынады:

Қана Жүнісовтың «Әлия» драмасы;

Антон Чеховтың «Вишневый сад» комедиясы;

Эдмон Ростанның «Сирано де бержерак» романтикалық драмасы;

Максим Горкий атындағы орыс драма театры 26-28 қазанда театр форумын өткізеді. Форумға Қазақстан театрлары қатысады деп жоспарланған.  

24 қазан «Наз» мемлекеттік би театрының «Республикам – Қазақстан» атты мерекелік концерті өтеді. Басталуы 19:00-де.  

24 қазан сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

24 қазанда Барыс аренада сағат 20:00-де Қазақ елінің атын әлемге танытып жүрген бірдей үш әуеннің басын біріктіріп, күйдің құдыретін әлемге сезіндірген Ұлытау тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді. Билеттер ticketon сайтында.

25 қазан сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан қымбат» атты спектакль өтеді. Шараның ерекшелігі, Алаш ардақтыларының сөзімен жеткізіледі. Сонымен қатар графикалық 3D декорациясы арқылы тарихи кезеңдерге сапар шектіреді. Әр кезеңнің әндері арқылы қойылымның драматургиялық желісі күшейе түседі.

Осы күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп Астана қаласының 5 ауданының шет аймақтарындағы тұрғын үй алаптарында мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

Есіл ауданында Пригородный тұрғын үй алабында басталуы 12:00-де.

Нұра ауданы бойынша Жағалау тұрғын үй алабында басталуы 12:00-де.

Алматы ауданы бойынша Интернациональный тұрғын үй алабында басталуы 15:00-де.

Сарыарқа ауданы бойынша Көктал саябағында басталуы 15:00-де.

Байқоңыр ауданы бойынша Өндіріс тұрғын үй алабында басталуы 15:00-де.

Аталған ақпарат бойынша басқарманың және әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және қосымша ақпарат ticketon сайтында жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға