Жаңалықтар

Республика күні: елорданың тұрғын алаптарында концерттік бағдарламалар өтті

Республика күні: елорданың тұрғын алаптарында концерттік бағдарламалар өтті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 25.10.2023 19:39 756

Республика күні елорданың барлық бес ауданындағы елді мекенде ересектер мен бүлдіршіндер үшін интерактивті концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, елордада Республика күнін мерекелеу аясында 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Концерттер тек қаланың білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар қаланың бес ауданының елді мекендерінде де өтті.

Мәселен, 25 қазанда Республика күні сағат 12.00-ден бастап 5 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті. Сонымен бірге спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер аниматорлармен бірге көңіл көтерді.

Аудандар бойынша іс-шаралар мынадай орындарда өтті:
Сарыарқа ауданы – Көктал-2 тұрғын алабы (Қорғалжын гүлзары);
Байқоңыр ауданы – Өндіріс тұрғын алабы;
Алматы ауданы – Интернациональный тұрғын алабы (Мекере көшесі, 2/1);
Есіл ауданы – Пригородный тұрғын алабы;
Нұра ауданы – Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Айтматов қиылысындағы саябақ).

Естеріңізге сала кетейік, Республика күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары «Менің елім – Менің туым!» челленджін бастады.
Астананың бес ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-нан астам ту ілінді.

Сонымен қатар, «Астана жастары» еріктілері елорда көшелерінде Отанға деген сүйіспеншілігін құшақтасу арқылы білдіретін арнайы акция өткізді. Еріктілер қала көшелеріне «Әр құшақта – Отанға деген махаббат» жазуы бар тақтайшамен шықты.

Сондай-ақ, «Мейірімді қала» акциясы аясында еріктілер жолаушыларға бірлік пен патриотизмді насихаттап, шоколад сыйлайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға