Жаңалықтар

Республика бойынша 3168 мәслихат депутаты таңдаушылар тізіміне енді

Сенат депуттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарда өтеді
Республика бойынша 3168 мәслихат депутаты таңдаушылар тізіміне енді
Фото: aikyn.kz 12.01.2023 17:00 1587

Республика бойынша 3168 мәслихат депутаты таңдаушылар тізіміне енді. Бұл туралы ОСК отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау бюллетендеріне жалпы саны 55 кандидат енгізілгенін атап өтті.

«Алматы қаласынан төрт, алты өңір оның ішінде, Алматы облысы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстарынан екі кандидат, Астана, Шымкент қалаларынан үш кандидат. Республика бойынша таңдаушылар тізімдеріне 3168 мәслихат депутаты енгізілді. Олардың басым бөлігі Түркістан облысынан – 317 таңдаушы және Қостанай облысында – 263 таңдаушы. Дауыс беру күні бір күннің ішінде өткізіледі. Батыс өңірлерде таңғы сағат 9.00-де сайлау учаскелері ашылады», – деді ОСК төрағасы.

Отырыста Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағанбетова сайлау кезінде санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін тілге тиек етті.

«Республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңірлер жасыл аймақта тұр. Дегенмен 16 өңірде R көрсеткіші жоғары. Сол үшін адамар көп жиналатын жерлерде әсіресе, сайлау кезінде бетперде тағу ұсынылады», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға