Жаңалықтар

Республика бойынша 22 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеуде

Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінің тікелей эфирде өтіп жатқан брифингінде «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов баяндады
Республика бойынша 22 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеуде
Фото: El.kz 20.11.2022 16:50 750
Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінің тікелей эфирде өтіп жатқан брифингінде «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов баяндады, деп хабарлайды EL.kz ақпараттық агенттігі.
Сайлау ашық әрі әділ өтуін қадағалап отырған байқаушылар 400-ге жуық онлайн және офлайн форматта дәріс алған. Олардың әрқайсысы арнайы стандарттар мен заңнамалық нормаларға сай тағайындалды.
Таңғы сағат алтыдан бастап жұмысын бастаған мамандардың есебі бойынша учаскілерде ешқандай тәртіп бұзушылық орын алмаған.
 
«Тарихта елеулі орын алатын сайлауды жоғары деңгейде өткізу біздің міндет. Қазақстанның әрбір сайлау учаскілерінде біздің арнайы дайындықтан өткен мамандарымыз бар. Бұл шара – науқанды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Шетелден келген бақылаушылар да аз емес. Бірінші рет ауқымды азаматтар ниет білдірген болатын», – дейді Төлеген Құнәділов.
Естеріңізге саламыз, әрбір учаскі қатаң қадағалауда. Кез келген мәселе бойынша жедел шешім алу үшін ситуациялық орталық жұмыс жасап тұр.
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға