Жаңалықтар

Respublica партиясының төрағалары қордаланған мәселелерді талқыға салды

Respublica партиясының төрағалары қордаланған мәселелерді талқыға салды
Фото: фото: respublica 06.02.2023 16:53 747

Қоғамдағы түрлі салаға назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Respublica» партиясының тең төрағасы Руслан Берденов денсаулық сақтау саласына тоқталды.

«Біз үлкен бір бағдарлама жаздық. Онда денсаулық, спорт, білім салалары қамтылды. Оның ішінде ең өзекті мәселенің бірі – денсаулық. Денсаулық болмаса, бұл нәрсенің бәрі жалған. Пандемия денсаулық саласының қандай екенін ашық көрсетті. Жақындарымыз кетті. Дәрінің, мамандардың, медициналық құралдардың жетіспеушілігі болды. Денсаулық саласында 10 жылдан астам жұмыс істеймін. Бұл саланы жақсы білемін. Мәселені айтатын болсам өте көп. Өз басым 60 мемлекетті араладым. Қазақстанды қатты төмен жағдайда деп айта берсек, ол да жаман», - дейді.

Сондай-ақ, ол біздің ниет халыққа қызмет деді.

«Жан беру оңай, халық үшін жанын беру қиын. Қолымыздан келгенше, осы салада қызмет атқаратын боламыз. Қасымыздағы көрші елдердің қалай дамып, қандай мәселелерге көңіл аударып жатқанын қараңыздар. Осының бәрін қолға алуымыз керек», - дейді партияның тең төрағасы Руслан Берденов.

Съезде сөз алған партияның келесі тең төрағасы Сырымбек Тау мәдениетке тоқталды.

«Қазақ халқы өте мәдениетті халық. Соңғы кезде оны біз өзіміз жоғалтып алып жүрміз. Өзіміздің ойымыздағы рухымыз бен мәдениетімізді төмендетудеміз. Оны біз осылай көтереміз. Бізде «Кітап оқу» деген жоба бар. Жобаны ашудағы мақсат - бірінші мәдениетті және екінші білімді дамыту үшін. Оған 116 мың адам қатысқан кезде, 23 мыңы атын дұрыс жазбаған. Сол себепті, әр саладан сол мамандарды іздеп, партия тізіміне кіргіздік», - деді.

Сырымбек Тау өз мәдениетімізді білмей тұрып, шетелге еліктеу артық деген пікір білдірді.

«Спорттың өзі мәдениет. Жақында Жапонияда болдым. Мәдениеттерін көріп, сүйсіндім. Германия мен Жапонияның мәдениеті алда тұр. Біз бұл саланы көтеруіміз керек. Біздің халық осыған үйрену қажет. Қазір сөзіміз бен ісіміз сәйкес келмейді», - деп партияда түрлі саланы көтеретін азаматтар бар екенін тілге тиек етті.

Бұдан соң, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров ауыл шаруашылығы мәселесіне назар аударды. Ол партияның маңызды идеясы еліміздің азаматтары үшін жақсы болашақ құру екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға