Жаңалықтар

«Respublica» партиясынан Мәжіліс мандатын иеленгендер тізімі

«Respublica» партиясынан Мәжіліс мандатын иеленгендер тізімі
Фото: El.kz 28.03.2023 11:28 1473

Respublica Partiyasy 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Respublica Partiyasy 6 кандидаттың есімін жариялады. Бұл туралы Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.

«Құрметті достар, қазақстандықтар! Бүгін ОСК Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica Partiyasy 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды», деп атап өтті ол. 

Ол партия тізімі бойынша Мәжіліс депутататтығына баратындардың аты-жөнін атады.

«Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар - мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары - Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков», деді ол.

Сөз соңында сенім артқандарға алғыс білдіріп, енді іске кірісетінін айтты. 

«Мен және менің әріптестерім бізге көрсеткен сенім үшін шын жүректен алғыс айтамыз және сіздің таңдауыңыздың дұрыстығын сөзбен емес, Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін нақты істермен дәлелдеуге уәде береміз!Алға, Respublica!», деді Айдарбек Қожаназаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға