Жаңалықтар

Ресейліктердің 74% Украинаға ядролық қару қолдануға қарсы

Ресейліктердің 74% Украинаға ядролық қару қолдануға қарсы
Фото: © iStock 14.07.2023 11:45 544

Ресейліктердің 74% Ресейдің Украинаға соғысы аясында ядролық қару қолдануға қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Russian Field зерттеу компаниясына сілтеме жасай отырып РБК жазады.

Ресей азаматтарына «Украинадағы жеңіс үшін, керек болған жағдайда, ядролық қару қолданудың қажеті бар ма?» деген сұрақ қойылған.

Оқи отырыңыз:

Сұралғандардың 16% ядролық қару қолдануды құптаған. Дегенмен олардың үштен бірі оны тек Ресей жеңілетін болса ғана қолдану керектігін айтқан. Респонденттердің 5% бұл сауалға жауап бере алмаса, 4% өзге жауап нұсқаларын ұсынған, ал 1% жауап беруден бас тартқан.

Зерттеу телефон арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесіне негізделген. 16-19 маусым аралығында өткен сауалнамаға 1604 адам қатысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға