Жаңалықтар

Ресейлік шенеунік Песковтің әйелінің Алматыдағы шоуы өтпейтін болды

Ресейлік шенеунік Песковтің әйелінің Алматыдағы шоуы өтпейтін болды
Фото: instagram.com/tatiana_navka 15.09.2023 17:12 2143

Алматыдағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың шоуына билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты әкімдік те растап отыр.

Іс-шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі тікелей шоу өтуі тиіс «Алматы Арена» кешенінің өкілдері мен Татьяна Навка агенттері арасындағы шарттық қатынастар саласына кіреді, - деді әкімдіктің спорт басқармасы.

Сонымен қатар «Алматы Арена» кешенінің концерт бөлімінің әкімшілігі таратқан ақпарат бойынша, ұйымдастырушылар концертті өткізбеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

«Шахерезаданың махаббат тарихы» шоуы желтоқсанның соңына жоспарланған болатын.

Татьяна Навка – ресейлік мәнерлеп сырғанаушы. Роман Костомаровпен жұптасып 2006 жылғы Олимпиада ойындарында, 2004 және 2005 жылдардағы әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанған.

Ол Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің әйелі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға