Жаңалықтар

Ресейлік олигарх Қазақстаннан ұшақ сатып алып жүр ме

Ресейлік олигарх Қазақстаннан ұшақ сатып алып жүр ме
Фото: © Pixabay.com 06.01.2024 15:53 648

Ресейлік кәсіпкердің санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Көлік министрлігі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған, - делінген ресми ақпаратта.

Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға