Жаңалықтар

Ресейдегі теракт: Құрбандардың саны 133-ке жетті

Ресейдегі теракт: Құрбандардың саны 133-ке жетті
Фото: ТАСС 23.03.2024 22:47 831

РФ Тергеу комитеті теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 133 болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Ресейдің ТЖМ мамандары «Крокус сити холл» ғимаратындағы үйінді астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 63 куб метр конструкция бөлшектеніп, тазаланды. Арнайы робот техниканың жұмылдырылуымен өрт ошағы іздестіріліп жатыр.  

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады. 

Ресей басшысы Мәскеудегі "Крокус Сити Холлда" болған қайғылы оқиғаға байланысты теледидар ресейліктерге арқылы үндеу жасады. Владимир Путин оқиғаны теракт деп мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға