Жаңалықтар

Ресейдегі мобилизацияға Қазақстан азаматтары шақырылып жатыр ма?

Бұған дейін Санкт-Петерборда тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алғаны туралы ақпарат тараған еді
Ресейдегі мобилизацияға Қазақстан азаматтары шақырылып жатыр ма?
Фото: turkystan.kz 10.10.2022 19:04 2395

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі әскерге Қазақстан азаматтарын шақыру жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Санкт-Петерборда тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алғаны туралы ақпарат тараған еді. 

«Өткен аптада Қазақстан азаматтарына шақыру қағаз келіп жатқаны туралы ақпарат болды. Шын мәнінде, бұл аралықта бізге бір ғана азаматымыз жүгінген еді. Бұл оқиғаның өзі Мәскеу қаласында болған. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарына келіп жатқан түрлі хабарламаларға сенбеуді сұраймыз», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, мұндай фактілер болған күннің өзінде шақырту азаматтыққа өтініш білдіргендерге келуі мүмкін. 

«Яғни РФ азаматтығына құжат тапсырғандардың мәліметі дерекқордан шығуы мүмкін, қос азаматтығы болып, бірақ Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайтындар да бар. Осылайша олар күрделі жағдайдан қашу үшін өздерін Қазақстан азаматымыз деп атай бастайды», - дейді ресми өкіл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға