Жаңалықтар

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген 500 қап насыбай тәркіленді

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген 500 қап насыбай тәркіленді
Фото: customs.gov.ru 06.03.2023 17:08 589

РФ Челябі шекара бекетінің мобильді тобы Қазақстаннан заңсыз әкелінген 17 тонна насыбайды тәркіледі. Шекарашылар көлікті Бугристое бекетінде тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі РФ федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.

"Жүк көлігінің тіркемесінен жасыл түсті күдікті ұнтақ салынған 500 қап табылды. Құжатқа сәйкес, машина Қырғызстаннан Челябинскке бет алып, ағаш күлі мен темекі шикізатын әкеле жатқан. Алушының айтуынша, ол бақша өсімдіктеріне арналған тыңайтқышқа тапсырыс берген. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, қаптарға насыбай салынған. Оны «қара» нарықта 25,5 млн рубльге бағалайды", - делінген хабарламада.

Насыбай партиясы Ресейден шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға