Ресейде коронавирус қайта өршіп жатыр
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
25.12.2023 02:28
1457
Ресейде 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясын 850 мыңнан астам адам жұқтырған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 52%-ке көп. ДДСҰ-ның дерегінше, Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, өлім-жітім үш есеге өскен.
Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімет таратты, деп хабарлайды 24.kz.
Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і көз жұмыпты. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қазір Италия жаһанда бірінші орында тұр. Бір ай ішінде бұл елде 510 азамат дүние салды. Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Талдықорған тұрғыны Қасым-Жомарт дауыс берді