Жаңалықтар

Ресейде әкесі сыйлаған граната баласының қолында жарылды

Ресейде әкесі сыйлаған граната баласының қолында жарылды
Фото: ©Pixabay.com 09.03.2024 13:11 2616

Санкт-Петербургте 9 жасар баланың қолында граната жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей БАҚ өкілдерінің мәліметінше, әкесі ұлына граната сыйлаған, себебі ер адам оны ойыншық деп ойлаған.

Бала пәтерде гранатамен ойнап жүргенде ол кенеттен жарылып, кішкентай пластик бөлшектерге бөлінген. БАҚ-тың хабарлауынша, бұл страйкболға арналған граната болып шықты.

Дәрігерлер баланың беті, кеудесі, іші, оң білегі және оң қолы күйгенін мәлімдеді.

Қазір ол ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға