Жаңалықтар

Ресей ұлттық құрамасының футболшысы енді Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Ресей ұлттық құрамасының футболшысы енді Қазақстан атынан өнер көрсетеді
Фото: instagram.com/fcsm_official 08.06.2023 15:45 872

Ресей жасөспірімдер құрамасының экс-ойыншысы, «Крылья Советов» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жақында ол ұлттық құрама командаға шақырту алды. Ол жарақатынна әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастырады.  Ұлттық құрама бапкері Магомед Адиевтің айтуынша, қазір тек Зуев емес, Ресейдің көптеген футболшылары Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнағысы келеді.

Біз әр нәрсені ұлттық құраманың ойыншыларымен ақылдасып отырамыз. Бірақ, шешімді мен қабылдаймын. Ойыншылар мен бапкерлік құрам арасында жақсы түсіністік қалыптасқан. Сондықтан жақсы атмосфераның, жақсы аураның шырқын бұзғым келмейді, –  деді М.Адиев.

Александр Зуев - 1996 жылы Қостанайда туған. Бала кезінде «Тобыл» клубының балалар мектебінде жаттыққан. Кейін Ресейге көшкен. 2013 жылы 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында өткен Еуропа чемпионатын жеңіп алған. 2016 – 2017 жылғы футбол маусымында Мәскеудің «Спартак» құрамында Ресей чемпионы атанған. Содан кейін «Рубин» (Қазан), «Ростов» (Ростов на Дону), Химки қаласының «Химки» клубы мен «Крылья Советов» (Самара) командаларында өнер көрсеткен.

Мен Қазақстан азаматтығын алғаныма қуаныштымын. Оны алу оңай болған жоқ. Көк паспорттың соңынан ұзақ жүрдім. Қазақстан менің Отаным ғана емес, бұл жерде менің балалық шағым өтті. Бала кезімде футболды Қостанайдың «Тобыл» клубынан бастадым. Қазақстанда менің туыстарым мен таныстарым көп. Ресейде тұрғанда Қазақстанға көп келіп жүретімін. Сол кезде отбасыммен қазақтың мейрамдарын тойлайтынбыз. Сондықтан менің Қазақстанмен байланысым ешқашан үзілген емес. Енді мен екі есе бақыттымын. Өйткені, ұлттық құрамаға шақырту алдым, –  деді А.Зуев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға