Жаңалықтар

Ресей Украинадағы соғысқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Ресей Украинадағы соғысқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото: © AP 25.01.2024 15:21 1211

РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Батыс Ресейге қарсы қазіргі гибридті агрессиясын ақтау және оны НАТО-мен тікелей қарулы қақтығыс ықтималдығымен қорқыту үшін мұндай мәлімдемелер арқылы ақпараттық соғыс жүргізіп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыстағылар Ресейге ықпал ету үмітімен өздерінің жоғары әскери қабілетін, мобилизациялауға дайындығын баса айтып жатыр. Олар осылайша Ресей арнайы әскери операцияның жоспарлары мен мақсаттарынан бас тартады деп ойлайды. Бірақ Ресей де, Ресей басшылығы да өз мақсаттарынан бас тартпайды, - деді Нарышкин.
 
Қаңтар айында Bild таблоид газеті Бундесвердің "құпия құжатына" сілтеме жасап, НАТО-ның шығыс қапталына Мәскеудің ықтимал шабуылының "жоспарын" жариялады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақалаға жауап ретінде бұл басылым соңғы уақытта негізсіз мәліметтерді жариялауға әдеттенгенін айтты.
 
Жалпы соңғы жылдары Ресей НАТО-ның батыс шекараларда тым белсенді екенін мәлімдеді. Альянс бастамаларды кеңейтіп, оны "ресейлік агрессияны тежеу" деп атады. Мәскеу Еуропадағы әскери блок күштерінің шоғырлануына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Кремльдегілер Ресейдің ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді де назардан тыс қалдырмайтынын айтты.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға