Жаңалықтар

Ресей Қазақстанға 20 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйған

Ресей Қазақстанға 20 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйған
Фото: © El.kz 08.11.2023 09:37 686

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне бірген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент сұхбатта Ресеймен бірлесе тағы да қандай ірі экономикалық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылатынын, елге құйылған инвестицияға тоқталды.

Соңғы 18 жылда Ресейден Қазақстанға келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 20 миллиард доллардан асты. Өз кезегінде, Қазақстанның Ресейге құйған инвестициясы 6 миллиард долларға жуықтады.

Инвестициялық ықпалдастықтың осылайша оң қарқын алуына өндірістік кооперацияның да септігі тиді. Оның аясында екі елдің бизнес субъектілері жалпы сомасы 33,5 миллиард доллар болатын 143 бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр.

Жалпы сомасы 3,2 миллиард доллар болатын 30 маңызды жоба сәтті іске қосылды. Қазіргі кезде машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі секілді экономиканың маңызды салаларында 40 жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны 16,6 миллиард долларды құрайды әрі 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға