Жаңалықтар

Ресей Қазақстанда 3 жылу электр орталығын салады

Ресей Қазақстанда 3 жылу электр орталығын салады
Фото: gov.kz 09.11.2023 18:35 1037

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз, - деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын бірнеше мектеп салуды жоспарлап отырғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға