Жаңалықтар

Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келді
Фото: Үкімет 13.10.2022 10:04 737

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды El.kz

Аса мәртебелі қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 

11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр. Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға